«Қазіргі уақытта спорттық инфрақұрылымдармен қамту деңгейі 49 пайызды құрап отыр. 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын 140 жобамыз бар. Бұл мақсатқа 136 млрд теңге көзделген. Яғни, спорттық нысандарды біртіндеп салу, жаңарту және жабдықтау жоспарымызда тұр», - деді Бекболат Байжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет төрағасы міндет атқарушы дерегінше, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл жалпы ел тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды.