Сөз арасында министр статистикаға сүйене отырып, қаладағы отбасыларда бала туу жағынан ауылдағылармен теңесіп келе жатқанын алға тартты. «Осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2003 жылы біз балалар жәрдемақысын төлей бастаған кезде төрт балалы ата-аналар саны жалпы отбасылардың 7 пайызын құрайтын еді. Бүгінгі таңда 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 18,7 пайызды құрап отыр. Соның 45 пайызы - қалада тұратын жас отбасылар», - деді министр.