«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 10-тармағында «Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеу мен басқарушылық шешім қабылдаудың икемділігі арасындағы балансты сақтау бөлігінде заңнаманы өзгертуге бағытталған ережелерді іске асыру» шарасы көзделген. Осы міндеттерді іске асыру ҚР Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына» енгізілген», - деп жазды Асқар Мамин өз жауабында.
Оның айтуынша, аталған тұжырымдамада «құқықтық регламенттеу деңгейлері мен басқарушылық шешім қабылдаудың икемділігі арасындағы балансты сақтау мақсатында қайта қаралуы қажет нормаларды анықтау бойынша заңдарға ревизия жүргізу, жекелеген мемлекеттік органдарға осындай актілердің заңдылығын бақылау мақсаттарын, қағидаттары мен тетіктерін белгілеп, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін дискрециялық өкілеттіктер беру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың оңайлатылған тәртібін көздеу қажет» деп жазылған.
«Қазіргі уақытта Әділет министрлігі Президент Әкімшілігімен бірлесіп тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жобасын пысықтауда, онда заңдардағы артық нақтыланған нормаларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды қайта қараудың орындылығын тексеру, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мәселесін пысықтау көзделген. Осылайша, көтеріліп отырған мәселе бойынша талдау жүргізілгеннен кейін тиісті заңнамалық актілер әзірленеді және қабылданады.
Заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша, Үкімет заңнаманың тұрақтылық дәрежесін талдау мәселелерін регламенттейтін құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, бұл мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин.