«Қазақстан Республикасының аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен бұйрықта.
Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігінің тиісті комитеттеріне жүктеледі.
Құжатты ашық талқылау 9 наурызға дейін жалғасады.
Қоса кетейік, бұған дейін ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал екенін хабарлап едік.