Елімізді ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ірі бизнес университеттерді қолдауға мән беруі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі бизнес университеттерді қолдауға мән беруі керектігін айтты.

«Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді», - деді Қ. Тоқаев