Елімізді индустрияландыру бағытында Словакия компанияларының қатысуы Қазақстан үшін маңызды - Елбасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Меніңше, қайта өңдеу және машина құрылысы салаларының дамығандығына байланысты біз үшін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасында словакиялық компаниялардың қатысуы маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Осы тұрғыда Президент елімізде құрылыс индустриясы, жиһаз саласы бойынша, жеңіл өнеркәсіп және жалпы машина құрылысы салаларында кәсіпорындар құруды ұсынды.
«Соңғы кезде Словакия автомобиль құрылысын жақсы дамытып келеді. Бұл бағыт та біз үшін қызығушылық тудыруда. Егер біз словакиялық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрсақ, бұл екі жаққа да тиімді болар еді»,- деді Президент.
Мұнымен қоса, Елбасы Словакия үшін Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастық және аталған елге қазақстандық энергиялық ресурстарды жеткізу маңызды саналатынын атап өтті.