Елімізді осындай Көшбасшы басқарып отырғанда біз алға аршынды қадамдар жасай береміз - ҚР мәдениет қайраткері Л.Монастырская
Мұнда Ұлт Көшбасшысы жүріп өткен 20 жылдық жолды саралаған, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген»,-дейді ҚР мәдениет қайраткері Л.Монастырская.
Мақаланы оқығанда кезекті рет біздің Президентіміздің халықтың тыныс-тіршілігін, сенімі мен үмітін жазбай танитындығын аңғарасыз. Мемлекет басшысы әр адамның көкейкесті мәселесін дөп басады. Ол еліміздің келешегін болжай отырып, мақсатты түрде алға аршынды қадаммен алып келе жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 20 жылдай уақыт бұрын бүгінгідей сенімге ие ме едік. Біз тығырықтан шығар жолды білмедік. Осындай өлара кезеңде Көшбасшымыз, халық сайлаған біздің Президент - Тұңғыш Президент бізге тура жолды көрсетті. Қазіргі таңда қазақстандық даму жолын күллі әлем мойындады.
Менің ойымша, Тұңғыш Президент күні нағыз халықтық мереке болады. Өйткені халық оның жаңа мемлекетті орнатудағы орасан күш-жігерін, қажырлы еңбегін жүрегімен сезінеді, лайықты бағалайды.