Еліміздің 10 өңірінде құрылыс көлемі артты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 10 өңірінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі артты. Бұл туралы ҚазАқпарат Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл салада 620мыңнан астам адам жұмыс істейді. Еліміздегі тұрғын үй құрылысының қарқыны жылсайынғы өсудің оң қарқынын сақтап тұр. 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр салып,пайдалануға беру жоспарланған. Оның 5,7 млн шаршы метр осы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың жартысына жуығы немесе43,5 пайызы деген сөз. Өткен жылмен салыстырғанда, қолданысқа берілген тұрғынүй көлемінің артуы 10 облыста байқалған. Олар – Түркістан, Қызылорда, Алматы,Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Павлодароблыстары. Ал жалпы құрылыс қарқыны бойынша Қызылорда, Қарағанды, Атырау, ШығысҚазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары және Алматықаласы көш бастап тұр», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігінің Құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов.

Сұхбат барысында Алмаз Ыдырысов 4 өңірде көрсеткіштердіңтөмендегенін айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Университетінің нысандарымен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуына байланысты жұмыс көлеміазайды. Шымкентте құрылыс жұмыстарының төмендеуі трансформатор зауытыныңқұрылысы бойынша жұмыстардың азаюына, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағыжұмыстардың аяқталуына, жолдар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысынабайланысты болды. Маңғыстау облысында автожолдарды реконструкциялау және Құрықпортында өндірістік кешендер салу жұмыстарының аяқталуына байланысты құрылысжұмыстарының көлемі азайды», -дейді ведомство өкілі.

Соңғы жаңалықтар