Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыс бағыттан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Алматы қаласында күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жел соғады. Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығыс жартасында төтенші өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының орталығында, Павлодар қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.