«2019 жылғы қаңтар-ақпанда 2018 жылдың қаңтар-ақпанмен салыстырғанда, шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді», - деп атап өтеді комитеттен.
Ведомство мәліметінше, аталған кезеңде мұнай, газ конденсатын қосқанда 15,3 млн тонна, мыс кені 17,8 млн тонна, ұн 0,6 млн тонна, бензин 0,6 млн тонна, портланд цемент 0,8 млн тонна, жазық илек 0,2 млн тонна, тазартылған мыс 0,1 млн тонна, электр энергиясы 19 млрд кВт/сағат өндірілген.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.