Еліміздің 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр - Әсет Исекешев
Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасымен Үкімет «2030 жылға дейінгі инновациялық дамудың» жоспары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы ол инноваторлардың жалпы қоғамының қарауына ұсынылатын болады»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.
Ә. Исекешевтің пайымдауынша, бұл тұрғыда осы жоспар Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа бағдарды ашуға жол бермек.
Айта кетейік, форум жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес және инновациялық ұйымдардың өкілдері мен бұл саладағы шетелдік мамандар қатысып жатыр.