Синоптиктердің болжамынша, метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Көкшетау қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Сондай-ақ ауаны ластаушы заттардың шоғырлануы Қарағанды қаласында сақталады. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.