Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні Қарағанды, Семей, Өскемен, Шымкент және Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі.
Еліміздің қалған шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.