Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 8 қаңтар күні ел астанасы - Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.