Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің сегіз өңірінде жол жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - деді Талғат Уәли.

Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды.

« Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», - делінген министрлік хабарламасында.