Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөлшектер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді. «Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.
Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өтті. «Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді», - деп ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.
UH-1H-II тікұшағы - бұл десантты (12 адамға дейін) және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын (оның ішінде жүкшығырмен) орындау, әуеден барлау, жаралыларды көшіру үшін арналған Bell компаниясының жеңіл көп нысаналы әскери-көліктік тікұшағы. Оның 1 800 аттың күшіндей қуатты бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. Барынша салмағы - 4 762 келі, жоғары жылдамдығы - 240 км/с.