С-295 ұшағының мүмкіндігіне келетін болсақ, ол бүгінде әлемдегі ең жақсы ұшақтардың бірінен саналады. Сол себепті баламалы ұсыныстардың нәтижесінде авиациялық паркті жаңарту үшін жүк көтергіштігі 10 тонналық ұшақ таңдалды. Аталған ұшақ Испания, Франция, Финляндия сияқты басқа да 15 мемлекеттің әскери-әуе күштерінде пайдаланылады. Қазақстан бұл ұшаққа ТМД елдері арасында бірінші болып тапсырыс беріп отырғандығын атап өткен жөн.
13 қаңтарда өндірушілерден аталған өнімді Қазақстан тарапынан қабылдап алу үшін Астанадан Испанияға «Airbus Military» компаниясының өндірістік базасы орналасқан Севилья қаласына Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері аттанған болатын. Оларды Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Алсай Жұманов бастап барды.
С-295 ұшағын Қазақстанға ұшырып әкелуге Испанияда теориялық және тәжірибе жүзінде толық білмдерін жетілдірген Қазақстан ӘӘК ұшқыштары жүзеге асырды. Қазақстан Әскери әуе күштерінің авиациялық паркі 2018 жылдың аяғына дейін сегіз С-295 ұшағымен жабдықталмақ,
Авиациялық парктің жаңартылуы нәтижесінде әскерді бір жерден екінші жерге апаруға, қару-жарақ пен әскери техниканы кез-келген стратегиялық бағытқа қосымша жанар-жағар май құймай-ақ жеткізуге қабілетті авиация топтары құрылмақ. Европалық авиациялық концерннің модельдік қатарының ұшақтары оның пайдаланылу шығынын аз жұмсауға, ұшатын және техникалық құрамды оқып-үйретуді қамтамасыз етеді.