ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан «Әуе көпірі - 2018» ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысып жатыр. «Әуе көпірі - 2018» оқу-жаттығуының ерекшелігі - ҰҚШҰ-ға мүше 6 елдің қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясын қолдана отырып, мобильді күштерді ауқымды алмастыру. Әуе тәсілімен 3,5 мыңнан аса әскери қызметші мен 620 әскери техника алмастырылады.
Оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ның біріккен штабы, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің өкілдері қатысуда.