АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Қарашаның 18-19 күндері, 20-сы түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 19-20 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с-қа жетеді деп күтілуде.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК -ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Бірқатар аймақтарда боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде температура 12-17 градусқа дейін суық болады.
Астанада 18-19 қараша күндері оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.