«Әскери бөлім жеке құрамы күндіз-түні кез келген ауа райы жағдайында Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне қомақты үлес қоса отырып, елордамыздың әуе кеңістігін, Қазақстанның әуе шептерін күзету жөнінде жауынгерлік кезекшілікті атқарады», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бөлім қарсыластың әуеден шабылдау құралдарын анықтау және жою жөніндегі жоғары жауынгерлік мүмкіндіктері бар заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етілген.
«Құрметті әріптестер, жауынгерлік достар Сіздерді бөлімнің құрылу күнімен құттықтағым келіп отыр. Баршаларыңызға абыройларыңызды сақтай отырып, Отанымызға адал қызмет етуге, қазақстандық армияның жауынгері жоғары атағына лайықты болып, мақтанышпен алып жүрулеріңізге тілектеспін», - деді салтанатты іс-шара барысында бөлім командирі полковник Багдат Нұрпейісов.
Бөлімнің құрылған сәтінен бастап бөлім жеке құрамы «Қалқан» және «Жауынгерлік достастық» сияқты тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты, Қазақстан Республикасының Президентінен грамота алды, 2004 жылы бөлімге Жауынгерлік Ту табыс етілді.
Салтанатты іс-шара барысында бөлім командирі жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы үздіктерді құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапаттады.