Еліміздің автожолдары бойында 600-ге жуық жылыту бекеті жасақталды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Аймақтық жолдарда 589 жылыту бекеттері, оның ішінде 192-сі республикалық және 397-сі жергілікті маңызы бар жолдарда орналастырылды.

Бұл жайында бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Белгілі болғандай, апаттық қаупі бар  республикалық маңыздағы жолдарда медициналық қызмет көрсетуге негізделген 6 медициналық-құтқару  бекеті жұмыс істеп жатыр. 2011-2015 жылдарға дейінгі «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында күре жолдарда 40 медициналық-құтқару  бекетін құру қарастырылып отыр.

Аталған құтқару реанимобильдерде жедел қызмет көрсету  бригадасы «Астана-Алматы», «Алматы-Бішкек», «Алматы-Өскемен», «Алматы-Қапшағай» жолдарында тәулік бойы кезекшілікте тұрады.