Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің электр және жылу энергетикасы саласын реттеу жөніндегі департаментінің директоры Анатолий Шкарупа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, республикамыз бойынша аталмыш тарифтің іске қосылуы энергияны үнемдеу механизмін енгізуді қамтамасыз етеді, электр қуатын тұтыну көлемін төмендетеді, сондай-ақ электр қуатының резервін босатуға және алуға мүмкіндік береді. «Энергияны үнемдеу жөніндегі іс-шараға салынған бір теңге жаңа электр стансасының құрылысына салынған бір теңгеге қарағанда қашанда барынша тиімді екені бәрімізге белгілі», деді ол.
А. Шкарупа қазіргі таңда электр энергиясына дифференциялды тарифтер еліміздің екі өңірінде, атап айтқанда, ағымдағы жылғы шілденің 1-інен бастап Астанада және тамыздың 1-інен бастап Шығыс Қазақстан облысында енгізілгенін атап көрсетті. Бұл ретте екі өңір үшін де электр энергиясын тұтыну шегі электр жылытқышты пайдаланбайтын пәтерлерде бір адамға айына - 70 кВТ-сағатты, ал электр құралдарын пайдаланатын пәтерлерде бір адамға айына - 90 кВТ-сағатты құрайды.
Оның сөзіне қарағанда, мұндай тарифтің енгізілуі есеп-қисап бойынша Астана қаласындағы электр қуатын тұтынушыларға жылына 43 млн. теңге, Ал Алматыда жылына 240 млн. теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.