«Халық үшін диагностикалық қызметтердің қолжетімді болуы үшін пандемия уақытында облыс әкімдіктері отандық өндірістен шыққан цифрлық рентген аппараттарын сатып алып жатыр. Осы аппараттың алғашқы 24-і 20 қазанға дейін дейін Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарына жеткізіледі. Қалған өңірлердің бәріне аппарат 30 қазанға дейін жеткізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, медициналық қызметті жақсартудың тағы бір талабы – алыстағы елдімекендер үшін көліктік медицинаны дамыту.
«Бүгінгі күні көшпелі медицина кешендерінің 28 данасы әзірленді. Оның бір бөлігі Қостанай қаласына жеткізілді. Қалған кешендер аймақтарға таратылады. Келісімшартқа сәйкес олар елдімекендерге 20 қазанда жеткізіледі», - деді ол.