Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Әскери медицина қызметкерлері қазақ халқының бай дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етіп, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырды. Сондай-ақ келген қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, ән салынды, би биленді.
Жалпы айтқанда, шара жұртшылыққа көктемгі көңіл-күй сыйлады.
Күн мен түн теңесетін Наурыз мейрамы шығыс халықтары үшін маңызды. Наурыз мерекесі ұлан-асыр тойланса, жыл бойы табыс пен береке әкеледі, деп санайтындарын жеткізді аталмыш мекеме қызметкерлері.