«Бүгінгі таңда бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел Қазақстан екендігі дүние жүзіне белгілі. Әрине, еліміздегі бірлік пен ынтымақтың жарасуы ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасы», - деп атап өтті министр марапаттарды тапсыру рәсімінде.
Сонымен қатар ол елімізде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтіліп жатқанын еске салды.
«Осы шаралардың аясында Елбасымыздың Жарлығымен Бас муфти Ержан Малғажыұлы мен Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды», - деді А.Мұхамедиұлы.