«Біз Қажылыққа кедергі келтіріп отырған жоқпыз. Бірақ халықты биылғы қажылыққа бармай тұра тұруға немесе жылдың басқа мерзіміне ауыстыруға шақыру - біздің міндетіміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ондағы жағдайды жаппай карантин деп қарастырмайды, дегенмен жағдай шынымен де алаңдатарлық», - деді Ж. Бекшин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, коронавируспен ауру жағдайы ең көп тіркелген аймақ Сауд Арабиясы болып отыр. Онда 400-ден астам жағдай тіркеліп, 115 адам көз жұмған.
«Бұл - өте қауіпті инфекция. Оған шалдыққандардың өлімі қаупі 70 пайызды құрайды. Қазір 700-ге жуық адамда осы ару белгілері тіркелген, олардың 300-дейі қайтыс болды», - деп атап өтті ол.