Маңғыстау облысынан келген Ұлы Отан соғысының ардагері Сәуірбай Базарбаев Астанадағы әскери парадтан кейін өз пікірін осылай білдірді.
«Тамаша қала - Астананы салдырған Президентімізге зор алғыс айтамын. Маған бүгінгі парад өте ұнады, ол әсіресе жастарымызды патриоттық сезімдерге баулитыны сөзсіз», - деді С.Базарбаев.