Еліміздің басым бөлігінде бүгін жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің барлық аймақтарында дерлік ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында боран тұрып, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында да тұман түсіп, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Маңғыстау түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар облысында боран күшейіп, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қарағанды облысында да тұман түсіп, желдің күші 15-20 метр-секунд болады.