«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елордада 14-16 маусым күндері төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда 14-16 маусымда өрт шығу қаупі жоғары болады.
Шымкентте 14 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының солтүстігі мен батысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік, батыс, орталық бөлігінде түнде солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары.
14-16 маусымда Ақмола облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғып, орталық бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жететіні болжанып отыр. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ бқл күндері Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай жарқылдайды. Өңірдің солтүстік, оңтүстік және орталық бөлігінде батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай жарқылдайды. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдіңдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, күндіз Алакөл ауданында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде әуелі солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың көп бөлігінде 35-39 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік жартысында өрт шығу қаупі жоғары.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік бөлігінде түнде солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20 м/с дейін жетеді . Күндіз ауаның температурасы 40 градусқа дейін жоғарылайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік, солтүстік-шығыс, орталық бөлігінде шаңды дауыл соғады. Күндіз оңтүстік, солтүстік-шығыс, орталық бөлігінде оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады (15-20 м/с). Күндіз облыстың басым бөлігінде күн 42 градусқа дейін ысиды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғып (18 м/с), найзағай ойнайды.
Түркістан облысының солтүстігінде-шаңды дауыл тұрады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады. Күндіз облыстың шөлді аудандарында термометр бағаны 42 градусқа дейін жоғарылайды. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 18 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында өрт шығу қаупі жоғары.
21:00, 13 Маусым 2023
Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады - синоптиктер болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.