«Елдің тек оңтүстік-шығысында, 28 ақпан мен 1 наурызда шығыста атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз термометр көрсеткіші 3-5 градусқа дейін жоғарылайды, ал оңтүстік жартысында - 15-20 градусқа дейін жылынады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана күндіз ауа температурасы 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі ықтимал», - деп болжайды синоптиктер.