Еліміздің басым өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметінше, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейжерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Павлодароблысының жекелеген аумақтарында, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кейжерлерінде тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстаноблысының кей жерлерін тұман басып, бұршақ жауады.


Маңғыстау, түндеАлматы, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/сартады.

Күндіз Алматы,Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Батыс Қазақстаноблыстарында қатты ыстық күтіледі.


Күндіз Маңғыстауоблысының жекелеген аумақтарында өте қатты ыстық болжанады.

Қызылорда,Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар