деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-22 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде көктайғақ болып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соқуы, бұрқасын болуы мүмкін.
Қостанай облысында күндіз секундына 17-22 метр секунд жылдамдықпен бұрқасынды жел күшейеді.
Маңғыстау облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.
Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде, Алматы облысының өзендерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген шағын өзендерінде мұз құрсауының босауы мен еруі күтіліп отыр. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Оралдың сағасы мен ШҚО-ның жекелеген өзендерінде көктемгі үрдістер жалғасып жатыр.