9-11 тамызда елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін.
Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста 30 38°С, солтүстік-батыста 27 35°С, солтүстікте 18 25°С, орталықта 17 28°С, шығыста 18 30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 23 33°С шегінде, таулы аудандарда 13 20°С.