Әскери қызметшілер аталмыш іс-шараның маңыздылығы мен жауапкершілігін ұғына отыра, кезектен тыс сайлауды тарихи оқиға деп бағалап отыр.
Ақтау қаласында әскери қызметшілер үшін 25744 әскери бөлімінде жеке сайлау учаскесі құрылса, Атырау және Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері өздері тіркелген орындарда дауыс берді. Әскери қызметшілердің басым бөлігі Президент сайлауына алғаш рет қатысып отыр.
Олардың бірі, көктемгі шақырылымда Алматыдан келген қатардағы жауынгер Санжар Әділбаев.
«Осы сайлауда, біздер тек қана еліміздің Президентін емес, Қарулы Күштердің Жоғары қолбасшысын да сайлаудамыз. Сондықтан мен, еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадым деп санаймын», - деп атап өтті ол.
Кейбір әскери қызметшілер, таң атысымен сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп жетті. Олардың бірі 41433 әскери бөлімінің сержанты 2 сыныпты сержант Бағдат Байсеріков.
Сондай-ақ, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров, әскери бөлім командирлері мен басқа да офицерлері өз таңдауларын жасады.