Еліміздің бес аймағындағы жолдар жабық

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі жолдар жабылды. Бұл туралы ТЖК сайты хабарлады.

Алматы облысы
4 ақпанда сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлау (боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды.
Ақтөбе облысы
3 ақпанда сағат 19:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Ембі-Шалқар» республикалық маңызы бар жолдың (92-257 км) учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қарағанды облысы
4 ақпанда сағат 11:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Қазақавтожол» РМК мәліметі бойынша барлық бағыттарда барлық автокөлікке қозғалыс тоқтатылды.
Павлодар облысы
4 ақпанда сағат 14:30-дан бастап «ҰК «ҚазАвтоЖол» АҚ және «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхаттарына сәйкес ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Шығыс Қазақстан облысы
4 ақпанда сағат 15:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Омбы-Майқапшағай» (587-733 шақырымы, Павлодар облысы шекарасынан - Семей қаласына дейін) республикалық маңызы бар автожолда барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.