Еліміздің бірқатар аймақтарында боранға байланысты жолдар жабылды

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранның қайта көтерілуіне байланысты Ақмола және Қостанай облыстарында кейбір бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ақмола облысында «Жақсы - Джержавинск» және «Қима-Терісаққан» жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында барлық автокөліктер үшін «Арқалық-Торғай, «Арқалық-Есіл», «Арқалық-Жезқазған» жолдары жабылды.