АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің бірқатар қалаларындағы банкоматтардан ақша ұрлаған азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл факті бойынша, яғни банкоматтан ақша ұрлау жөнінде қылмыстық іс қозғалғанына тоқталған ресми өкіл, «Қарағанды облысында бұл азамат қамауға алынды. Ол Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған қалаларында банкоматтардан ұрлаған ақшаға Қарағандыда құны 70 мың АҚШ доллары тұратын пәтер және 19,5 миллион теңгенің «Мерседес-Бенц 500 GL» маркалы автомобилін сатып алған»,-деді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.