Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
28 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі.
27 маусым күні кешке, 28 маусым тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
28 маусым күні Шымкент қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с деп күтіледі.
28 маусым күні Түркістан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
28 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
28 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі.