Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде нөсер жаңбыркүтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл.Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.Солтүстік-батыстан, солтүстік соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/сжетеді.

Сол күні Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Ертең Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

25 шілдеде СолтүстікҚазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде жәнетаңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады,күндіз кей жерлерде, күші 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

25 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл,солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

25 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай,тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады,күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.