Комитет басшысының сөзіне қарағанда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталмаған. Яғни, бұл өңірлерде қант, нан, сұйық май бағалары объективті себептермен көтерілген.
«Қазіргі кезде Алматы және Павлодар облыстарындағы етке, тауыққа және қантқа бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 3 млн. теңгеден астам айыппұл салынды»,- деді ол.
Сондай-ақ ол Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеру фактілері анықталғанын атап өтті.
«Бұл материалдар сотқа жіберіледі. Салынатын айыппұл 20,5 млн. теңгеден асады», - деді С.Жұманғарин.