11 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады. Көкшетау қаласында да тұман сақталады.
Сонымен бірге, 11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тұман түседі.
11-13 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.
11 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
11 желтоқсанда Ақтөбе облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік шығысыңда жауын-шашын түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
Сол күні Ақтөбе қаласында тұман түсуі мүмкін.