Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғады
13 тамызда Ақмолаоблысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстікбатысқа ауысады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 25 м/с жетеді.
Сейсенбіде Нұр-Сұлтанқаласында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, екпіні 15-20м/с.
13-14 тамызда СолтүстікҚазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууыықтимал. Шығыстан, солтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с,13 тамызда күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавл қаласында 13-14 тамызданайзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік шығыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с, күндіз 13 тамызда екпіні 23-28 м/с жетеді.
13 тамызда Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай, батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, күші 15-20м/с жетвуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай қаласында сол күнкұркіреп, найзағай жарқылдайды.
Тек Шығыс Қазақстан облысында күнрайы ашық. 13 тамызда өңірдің күндіз кей жерлерінде қатты ыстық болады, термометрбағаны 36° жетуі ықтимал.