Еліміздің бірқатар өңірінде жол ашылды
Атап айтқанда, «Самара - Шымкент» автожолының Жосалы ауылынан Таң елдімекеніне дейінгі 1645-1702 шақырымында көліктің жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ, «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі 856-917 шақырымында, сонымен қатар осы автожолдың Чистополье елдімекенінен бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі 853-856 шақырымында жол ашылды.
Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда - Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен Қарағанды облысының шекарасынан Бозшакөл елдімекеніне дейінгі 1135-1242 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 701 техника жұмыс істеп жатыр.
Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.