Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар аймағында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 желтоқсан күні сағат 09:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаяу бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (16-200 шақырым) бағыттарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында бүгін сағат 12:50-ден бастап жол көрінбейтін ақтүтек боранға байланысты «Өскемен - Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында жол жабылды.

25 желтоқсан сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда - Павлодар» (1206-1135 шақырымы) бағыттарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Кеше, 24 желтоқсан сағат 11:00-ден бастап қатты боранға байланысты «Майқайың-Екібастұз» бағытындағы жол жабылған болатын.

ТЖ комитеті азаматтарға ауа райы өзгерістерін бақылауда ұстап, қолайсыз ауа райында алысқа жолға шықпау жөнінде кеңес береді.