Еліміздің бірқатар өңірлерінде боран соғуы ықтимал - 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республика аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында боран соғады деп болжануда, тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшеюі ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде, тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.