8-9 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с. 9 маусымда кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
8 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20, күндіз 15-20, 23 м/с дейін күшейеді.
Осы күні Қостанай қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
8 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында 8 маусымда күндіз найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан қаласында осы күні таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын күшті жел соғады.