Еліміздің биылғы егін орағында жинаған астық көлемі 22 миллион тоннадан асып түсті - Премьер-Министр

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы егін орағында астық көлемі 22 миллион тоннадан асты. Бұл туралы бүгін Астанада  "Самұрық-Қазына"  ұлттық әл-ауқат қорының құрылғанының бір жылдығына арналған салтанатты жиында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы егін орағында астық көлемі 22 миллион тоннадан асты. Яғни, биылғы жылы астықтың көрсеткіші жаман емес», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.