Еліміздің болашағы үшін Мәжіліске жаңа адамдар, жаңа саяси көзқарас керек - «Қоғамдық ұрпақ» бірлестігінің жетекшісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің болашағы үшін Мәжіліске жаңа адамдар, жаңа саяси көзқарас керек. Бүгін Астана қаласының баспасөз орталығында өткен брифингте «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қайрат Елубаев осындай пікір білдірді.

«Біздің қоғамдық ұйымдар және «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық бірлестігі Елбасының ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-ші шақырылым депутаттарын тарату және мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Жарлығын қолдайды. Қазіргі әлемде орын алып отырған дағдарыс жағдайында еліміздің болашағы үшін, Елбасы алдымызға жүктеген міндеттері орындау үшін жаңа адамдар, жаңа саяси көзқарас керек. Сол себепті бүгінгі күні біздің ұйымдарымыз Мәжіліс сайлауын өткізуді қолдауда»,- деді Қ.Елубаев .