Экспедиция барысында жас жеткіншектер Алаштың зиялысы Мұстафа Шоқайдың туған өлкесіне барып, оның өмірімен жан-жақты таныса алады.
Сонымен бірге Алаш орда тарихын зерттеушілермен тілдесіп, өз зерттеу жұмыстарына қажетті ақпарат ала алады. Сондай-ақ оқушылар Қазақ хандығының алғашқы астанасы - Сығанақ қалашығына барып, оның Қазақстан тарихында алар орнын зерттемек.
Бағдарламаға сәйкес жас өреңдер "Сауысқандық" шатқалындағы жартасты бейнелерді де көріп, Қорқыт ата ескерткішімен танысады деп жоспарлануда.