Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге, ал күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Ертең күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде 40/ 43°С-қа дейін, Маңғыстау облысында 43 /45°С-қа дейін аптап ыстық сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында да 41°С-қа дейін қатты ыстық болатындығы күтілуде. Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіпі сақталады.
Таяу тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.